Аталған Агенттіктің мәліметіне қарағанда, осы лауазымға тағайындалғанға дейін С. Дәулеталин ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты Жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
Осыған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат жетекшісі қызметін атқарып келген Марат Еркінұлы Дәуешов Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен Жәнібек Наушабайұлы Наушабай Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары лауазымынан босатылып, Құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және кадр жұмысы басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
19:27, 31 Қаңтар 2012
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 31 қаңтарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин Агенттіктің Аппарат жетекшісі лауазымына тағайындалды.