ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері басшылары лауазымына «А» корпусының кадр резервінен тағайындаулар болды

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына» сәйкес келесі Агенттіктің аумақтық департаменттері басшылары қайта тағайындалды:

Алматы қаласы бойынша Департаментінде Қамалов Бахтияр Қамалұлы, Атырау облысы бойынша Департаментінде Ізбанов Мұхит Кәрімұлы, Қостанай облысы бойынша Департаментінде Шоманов Асқар Жұмабайұлы, Қызылорда облысы бойынша Департаментінде Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы, Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде Оспанов Еркін Амангелдіұлы, Павлодар облысы бойынша Департаментінде Өтешев Мақсот Ыбырайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде Бекжанов Берік Айдарбекұлы.

Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Ә. Бәйменовтің бұйрығымен Агенттіктің бірқатар аумақтық департаменттерінің басшылары тағайындалды.

Қаскин Тілеген Төлегенұлы, т.ж. 1972, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің Департамент басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол Қорған ауылшаруашылық академиясын экономист мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы жұмыс өтілімі - 18 жыл, оның ішінде 9 жыл саяси қызметте. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша Департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымын атқарып келді.

Әлібеков Қанат Тыныбайұлы, т.ж. 1963, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды. «Жігер сүт зауыты» ЖШС-нің директоры, «Сары дала» ЖШС-нің бас директоры, Алматы облысының Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Қадырбек Мұрат Болатұлы, т.ж. 1980, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды. М. Қадырбек Қарағанды облысында прокуратура органдарында, Шығыс Қазақстан облысында сот қызметін атқарып, осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы болды.

Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы, т .ж. 1965, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы- Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды. Үш жоғары білімі бар, «тарих, қоғамтану және кеңестік құқық мұғалімі», «құқық» және «экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша білім алған, заң ғылымдары кандидаты. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің меңгеруші болды.

Оразәлі Марат Оразәліұлы, т.ж. 1972, үш жоғары білімі бар, инженер-механик, экономист-қаржыгер және мемлекеттік қызмет менеджері мамандықтары бойынша білім алған, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды. Әр түрлі кезеңдерде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінде: Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша басқармалар басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша басқарма басшысы, Агенттіктің орталық аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Осы кезге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.