ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайы «Ашық есік» күні мен балаларға арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қайырымдылық шарасын өткізеді
Іс-шараның мақсаты - жастардың бойында азаматтық және патриоттық, Қазақстан Республикасының тарихына, мәдениеті мен рәміздеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністікті дамыту, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге үйрету болып табылады.
Шараға №17 мектеп-интернаттьың тәрбиеленушілері арнайы шақырылды. Балалар Орталық мұражайды, сондай-ақ, олар үшін дайындалатын концерттік бағдарламаны тамашалап, Қазақстан тарихы жөніндегі викториналарға қатысатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара балалардың өз еліне деген мақтаныш пен барлық қазақстандардың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезімдерін сезінуге, өз Отанына деген зор сүйіспеншілік сезімін танытуға мол мүмкіндік жасамақ.
Шара аясында №17 мектеп-интернат пен «SVS NEVRO» қоғамдық қорының жүйке ауруларына шалдыққан балаларының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі тақырыбына арнап салған 80 суреті қойылатын көрме өткізіледі.