ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрі Еуропадағы беделді фестивальда қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындайды

None
АЛМАТЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрінің музыканттары бүгін Еуропаның Internationalen Musikparade атты беделді фестиваліне қатысу үшін Мюнхенге ұшып кетті.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясынан хабарлағандай, біздің «аспапшылардың» концерттеріне билеттер бір апта бұрын сатылып кеткен.

Жыл сайын көктемде Германияға Еуропаның 30 қаласынан мыңға жуық оркестр келіп, бір ай бойы өздерінің шығармашылығымен неміс өнер сүйер қауымын үрлемелі аспаптар музыкасымен таныстырады. Қазақстандық музыканттар Ганноверде, Штудгартта, Кемптенде, Шверинде және Мюнхеннің өзінде өнер көрсетеді.

Ұжымның көркемдік жетекшісі Қанат Ахметовтің хабарлағанындай, оркестр репертуарында әлемдік үрлемелі аспаптар классикасымен қатар қазақстандық композиторлардың шығармалары да бар. Мәселен, «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы «Құдаша» әні диксиленд стилінде орындалады.

Фестиваль он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Оның ауқымында Германияның 55 қаласында 250-ден астам шоу көрсетілді, оған әртүрлі елдерден 150-ден астам оркестр қатысты. Биылғы фестивальға қазақстандық оркестр танымал дирижерлер Қанат Ахметов пен Александр Беляковтың басшылығымен толық құрамында өнер көрсетпек. ҚР Мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрі Голландияняың, Түркияның, Шотландияның, Украинаның, Польшаның, Австрияның, Ресейдің, Германияның, Францияның белгілі ұжымдарымен бірге сахна төріне шығады.