ҚР мен Франция басшылары Астана экономикалық форумының әлемдік қаржы проблемалары бойынша диалог алаңы ретіндегі артып келе жатқан маңызын атап өтті
22:51, 19 Қыркүйек 2011
РИЖ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20-дағы француздық төрағалықтың бастамаларына, сонымен қатар қарыз проблемалары мен еуроаймақты басқаруды жақсартуға тоқсауыл үшін жасалып жатқан шараларына қолдау көрсетті.
ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, сонымен қатар Мемлекет басшылары Астана экономикалық форумының әлемдік қаржы проблемалары бойынша пікірталас алаңы ретіндегі артып келе жатқан маңызын атап өтті. Олар Астана экономикалық форумы жасап шығарған ұсыныстарды әлемдік экономиканы реформалаудағы қолға алынып жатқан бастамаларға жасалған маңызды үлесі деп біледі.
Президент Н.Саркози Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымымен тығыз ықпалдастықта жұмыс жасауға талпыныстарын да қолдады.