ҚР мен ҚХР арасындағы шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісім ратификацияланды

None
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.