ҚР мен РФ әдебиетшілері «Қазақстан - Ресей» альманағын шығару нәтижесіне айналған жазушылық диалогты жоғары бағалады

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық және ресейлік жазушылар «Қазақстан - Ресей» әдеби альманағының алғашқы шығарылымының таныстырылымы нәтижесіне айналып басталған жазушылық диалогты жоғары бағалады.

Еске сала кетейік, бүгін Мәскеуде Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бастамасымен Қазақстан Жазушылар одағы, «Литературная газета» және «Роман-газета» бірлесіп шығарған «Қазақстан - Ресей» әдеби альманағы бірінші шығарылымының таныстырылымы болды.

РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой атап өткендей, әдебиет арқылы ғана көршілес елдердегі шынайы өмірді танып білуге болады. Ол альманахтың арқасында оқырмандар жаңа есімдерді танып-білді деп атап өтті және өзі басқаратын ТМД қатысушы-мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры мұндай бастамаларды ықыласпен қолдауға ниетті екенін қуаттады.

«Альманахтың маңызына баға жеткісіз және мен жинақ кітапханаларға түседі деп үміттенемін. Егер әдебиет болса, ұлттық рух бар, тарихта ұлт тағдыры бар деген сөз», - деп атап көрсетті ол.

Белгілі ақын және жазушы Олжас Сүлейменов өз сөзінде бүгінде әдебиет ерекше дағдарысты бастан кешіріп отырғанын айтты. Оның пікірінше, тәуелсіздік кезеңі - бұл барлық адамдар өзара тәуелділікті сезінуге қабілетті екенін көрсететін уақыт, ал әдебиет бұл байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдеседі.

Белгілі қазақстандық көсемсөзші, жазушы Ғаділбек Шалахметов екі ел әдебиетшілерінің өткен жылғы кездесуінде орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне әдеби аудармашылар конкурсын өткізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салды. Бұл орайда 16 қазанда Алматыда аудармашылар конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткенін атап өтті және лауреаттардың бірі қазақстандық-ресейлік жазушы Анатолий Ким болды.

Өз кезегінде А.Ким әдеби аударманың ерекше рөлін атап көрсетті, ол - барлық адамдарды бірігуге шақыратын адамзат қызметінің негізгі түрлерінің бірі екендігін айтты.

«Егер адамның жанын түсіне білсең, оны сүюге болады. Халық жөнінде де осыны айтуға болады. Бір халық екінші халықтың жанын түсіне білсе, сол халықты да сүйе алады. Ал адам жаны туралы білімдер әдебиет арқылы ғана келеді», - деді А.Ким.

Ол қазақ әдебиетінің басқа әлемдік әдебиеттерде жоқ қырларын атап өтті. Атты көшпелілердің бүкіл бай өркениеті мен мәдениеті қазақ әдебиетінде бейнеленген, деп атап өтті ол.

«Литературная газетаның» бас редакторы Юрий Поляков әдебиет өз дәуірінің алтын тілдік нормаларын жасап қалыптастырады деген тезисті білдірді. Алайда соңы жиырма жылдықта әдебиеттің осы қызметінің маңызы төмендеп кетті және бұл орайда ұлттық әдебиеттердің өзара іс-қимылы аса маңызды, ол жедел және сапалы әдеби аударманың арқасында байи түседі. Ол РФ-дағы ҚР Елшілігімен табысты ынтымақтастықты ерекше атап өтті, соның арқасында қажетті және өзара бір-бірін байыта түсетін жобалар туындап, жүзеге асырылуда. Оның пікірінше, ынтымақтастықтың келесі кезеңі жас қазақстандық және ресейлік жазушылардың тұрақты кездесулері болуы тиіс және бұл тәжірибе мемлекет тарапынан қолдау табуы қажет.

«Бармасаң-келмесең жат боларсың». Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин өз сөзін қазақтың осы халықтық мақалымен бастады. Ол кеңестік дәуірдің мэтрлары Сергей Михалковпен, Расул Ғамзатовпен, Шыңғыс Айтматовпен, Давид Кугультиновпен, Мұстай Кәріммен кездесулерінен алған әсерлері туралы айтты, олар шығармашылық байланыстардың үзілуіне қатты алаңдағанын атап өтті және ол басталған жазушылық диалогты біздің елдеріміздің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығындағы нағыз кезең деп атады.

Қазақ ПЕН-клубының жетекшісі Бигелді Ғабдуллин әдебиет елдер арасындағы қандайда саяси кедергілерге қарамастан әрқашан да халықтардың бір-бірімен араласуының нәрлі көпірі болып қалады, деп атап көрсетті.

«Мен әлемдік мәдени үдерісті Ресейсіз, орыс әдебиетінсіз елестете алмаймын. Мен орыс әдебиетінде - үлкен болашақ бар екеніне сенемін. Орыс тілінің бақыты да, драмасы да, жауапкершілігі де - оның ұлтаралық қатынас тілі болуында. Ал бұл орыс халқының ерекше интернациональдық миссиясы», - деді ол.

«Роман-газетаның» бас редакторы Юрий Козлов пен ақын Бақытжан Қанапиянов альманахты құрастыру үдерісі туралы әңгімелеп, құрастырушылар басшылыққа алған басты өлшемдер мен принциптерді бөліп көрсетті.

Кездесуге қатысушылар түйіндеп айтқанда шығарылған альманах және жазушылардың жаңа кездесуі еуразиялық кеңістіктегі кең әдеби және мәдениеттану диалогының іргесін нығайта түседі деген пікірге тоқтады.

Шара қорытындысымен «Қазақстан-Ресей» әдеби альманағының екінші нөмірін басып шығару, «Литературная газетада» тақырыптық беттерді «Еуразиялық муза» деген жаңартылған атаумен жариялауды жалғастыру, әдеби аудармашылар халықаралық конкурсын өткізу, Қазақстан мен Ресейдегі әдеби үдерістерге арналған ғылыми зерттеулер ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Қатысушылар Қазақстан мен Ресей жазушыларының үшінші кездесуін 2016 жылы өткізуге уағдаласты.