ҚР мен РФ арасындағы Дэвис Кубогы матчы қараңғылыққа байланысты кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин мен ресейлік Евгений Донский арасындағы Дэвис Кубогы Әлемдік тобының плей-офф матчы есеп 2:2 болып тұрған кезде қараңғылыққа байланысты тоқтатылды.

 Ойын жексенбі күні қайта жалғасады.

Теннис матчын тоқтату туралы шешімді бас төреші қабылдады, деп жазады ТАСС.

Бұдан бұрын сенбіде ресейлік Андрей Кузнецов қазақстандық Александр Недовесовтен басым түскен болатын. Жалпы есеп 1-0 болып, ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді.

Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч жеңімпазы келесі маусымда Дэвиса Кубогы Әлемдік тобында ойнау құқын алады.