ҚР мен РФ шекарасында жолаушылар пойыздары тексерілмейтін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 4 қазанда қол қойылды, деп хабарлады primeminister.kz сайтынан.

Құжатқа сәйкес, РФ аумағындағы ҚР темір жол учаскелерінде және ҚР аумағындағы РФ темір жол учаскелерінде жолаушылар және жүк пойыздарының мемлекеттік шекара арқылы өтуіне бақылау жүргізілмейтін болды.

«Бұл Қазақстан үшін аялдамасыз пойыздарды ұйымдастыру кезінде Батыс Қазақстан облысы мен орталық және оңтүстік өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалының уақытын 10 сағаттан аса қысқартуға мүмкіндік береді. ҚР ИДМ мәліметінше, қол қойылған хаттама ратификацияланғаннан кейін Астана-Орал және Алматы-Орал қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойыздары ұйымдастырылады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.