ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Жобаға негіз болған Хаттамада Қазақстан Республикасындағы Ресей Елшісінің резиденциясын салуға арналған Астана қаласындағы жер учаскесінің орналасқан жерінің, сондай-ақ Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдіктері орналасатын алаңның өзгеруіне байланысты қажетті өзгерістер енгізуді көздейді. Хаттама 2008 жылғы 28 мамырда Астана қаласында жасалған.

Заң жобасы палатаның қарауына ұсынылатын болды.