ҚР мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау заңына қол қойылды
18:19, 26 Қараша 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.