ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Асхат Сейсенбеков ұзақ уақыттан бері спорт саласында қызмет етіп келеді. Ол VII қысқы Азия ойындары дирекциясын басқарды, бас қауымдастық президентінің кеңесшісі болды, Туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Бұған дейін «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының бас менеджері болды.
Асқар Есімов те көп жылдар бойы спорт саласында еңбек еткен жан.
«Тағайындауға дейін Асқар Есімов Азия ойындарында үлкен жетістікке жеткен «Қайық» федерациясының вице-президенті болған. Ел спортының дамуына қосқан үлесін ескере отырып, біз оны осы лауазымға тағайындадық», - деді А.Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, алқа отырысында Инчхондағы XVII жазғы Азия ойындарының және Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қорытындылары талқыланып, 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиадаға және 2017 жылы Алматыда өтетін XXVII қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері талқыланды.
Кеңейтілген алқа отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темірхан Досмұхамбетов қатысты.