ҚР МСМ жанынан Білім, ғылым және халықаралық байланыс департаменті құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Білім, ғылым және халықаралық байланыс департаменті құрылды. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Таяу аралықта атқарушы билікпен арадағы қызмет бөлінетін болады және 1 қаңтардан бастап біз барлық шығармашылық оқу орындары, шығармашылық колледждер және Байсейітова мен Жұбанов атындағы мектептер Мәдениет және спорт министрлігінің қарауына беріледі деп күтудеміз», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

А.Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, бұл әлемдік тәжірибе. «Барлық шығармашылық жоғары оқу орындары тікелей шығармашылық атқарушы органдардың қарамағында болуы дұрыс. Ол үшін Білім, ғылым және халықаралық байланыс департаменті құрылды. Аталған департаменттің директоры болып танымал ғалым, ұзақ жылдар бойы білім жүйесінде жұмыс істеген Ислам Болатханұлы тағайындалды», - деді А.Мұхамедиұлы.