ҚР Мұнай және газ министрлігі мұнай өнімдерінің көтерме нарықтағы бағаларын реттеу мәселелерін қарастыруға ниетті
деп хабарлады Primeminister.kz ҚР МГМ Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмырзинге сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылдың 7 наурызында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Қазақстандық отын қауымдастығы мұнай өнімдерінің көтерме бағаларын реттеу бойынша ұсыныстарға қатысты тапсырмасы келіп түсті. Аталған мәселе бойынша ағымдағы жылдың 18 наурызында Мұнай және газ министрі Мыңбаевтың басшылығымен мүдделі мемлекеттік органдардың және нарық қатысушыларының, яғни тараптар делегаттарының қатысуымен кеңейтілген отырысын өткізу жоспарлануда», - деді Қ.Құлмырзин.
МГМ-нің өкілі түсіндіргендей, Қазақстандық отын қауымдастығы шектік бөлшек құннан шектік көтерме бағаға дейінгі айырмашылықты қазіргі 17%-дан 30 %-ға дейін арттыруды ұсынды.
Оның айтуынша, алдында шектік көтерме және бөлшек баға арасындағы айырмашылық деңгейі үш есеге арттыру қарастырылған. Ал, қазір ведомство өкілі атап кеткендей, мұнай өнімдерінің бөлшек нарығына қатысушылардың «құнды көтеруге қосымша талаптар мен дәлелдер» пайда болды.
«Біз отын қауымдастығының дәлелдерін тыңдағымыз келеді. Өйткені, олардың мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшыларының атына келтірілген дәлелдері жеткіліксіз деп есептейміз, оны тереңірек қарастыру керек...», - деді министрлік департаментінің директоры.
«Бір шешімге келген жағдайда бұл мәселені Премьер-Министрдің төрағалығымен мұнай-газ саласының ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберуге дайынбыз», - деп қорытындылады Қ.Құлмырзин.