Республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады, кейбір аудандарда тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын ұйтқыған жел тұрады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, ұйтқыған желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с-ке, күндізгі ұйтқуы - 17-22 м/с-ке жетеді.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су деңгейі құбылады, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір өзендерінде (Арыс, Бадам, Қара Ертіс, Бұқтарма, Об, Үлбі және басқалары) жауын-шашын түсуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады, ШҚО-ның кейбір өзендері кемерінен асып, су басуы мүмкін. Қазақстанның жазықтықтағы аумақтарындағы өзендердің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.