деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында кейбір жерлерде тұман, Жамбыл және Алматы облыстарында - көктайғақ болады деп күтілуде.
Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман, жолдарда - көктайғақ, күндіз желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде.
Атырау облысында кейбір жерлерде тұман, желдің секундына 17-22 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде күндіз бұрқасынды жел күшейіп, Қостанай облысында түнде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде бұрқасынды желдің күшеюі, күндіз қалың қардың түсуі күтілуде.
Жақын тәуліктерде Сырдария (Көктөбе гидробекетінен төмен), Шу өзендерінде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде (Іле, Қаратал, Ақсу, тағы басқа) мұз бетінің әлсіреуі және бұзылуы күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.