ҚР-ның бірінші вице-премьері «Қорғас» ШЫХО-ға барады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары күтіліп отыр.

Бағдарламаға сәйкес, Б.Сағынтаев Талдықорған әуежайына қонған соң «Қорғас» Шекара ынтымақтастығының халықаралық орталығына барып, ондағы инфрақұрылым нысандарымен танысып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның БӨП-нің таныстырылымына қатысады.

Одан кейін «Қорғастың» ҚХР-мен іргелес «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік магистраліндегі өткізу пункті, «Жаркент» БӨП және Нұркент кентіне бару күтіліп отыр.

Бұдан басқа, Б.Сағынтаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрғақ порты мен «Алтынкөл» стансасының аумағын қарап шығады.

Түстен кейін бірінші вице-премьер қайта Талдықорғанға барып, онда «Талдықорған» индустриялық аймағымен және Қаратал өзені жағалауының абаттандырылуымен танысып өтеді.