ҚР-ның бірқатар облыстарында күн суытады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР-ның бірқатар облыстарында күн суытады, деп ескерту хабар таратты Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

13-15 қыркүйекте түнде Қостанай, 15-16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-2 градусқа дейін күн суытады.

Естеріңізге сала кетейік, 12-14 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 13 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күрт 2-7 градус жылылыққа дейін төмендейді, күндіз 10-15, кей жерлерде 20 градусты көрсетеді. Кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оған қоса 12-14 қыркүйекте Ақтөбе облысында, 13-14 қыркүйекте Қарағанды облысында, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін суытады.