Тек республиканың батысында ғана атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында және күндіз Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жекелеген аймақтарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәулікте Сырдария өзенінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.