ҚР-ның солтүстігі мен батысында ауа райы тұрақсыз болады - 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - 27 қыркүйекте атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігі мен батысында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Қазақстанның қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында Алакөл өзенінің ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде тұман болады.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде күн 0-3 градусқа дейін суытады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында өзгерістер байқалмайды.