ҚР Ортсайлауком ҚХА-дан Мәжіліс депутаттарын сайлау ережесін түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астамы дауыс берген кандидат Мәжіліс депутаты болып сайланады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

ҚР Ортсайлауком ҚХА-дан Мәжіліс депутаттарын сайлау ережесін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астамы дауыс берген кандидат Мәжіліс депутаты болып сайланады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптардан айырмашылығы жоқ. Кандидаттарды ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясына сессиялар арасындағы кезеңде басшылық ететін және қазіргі уақытта 67 адамнан тұратын Ассамблея Кеңесіне тиесілі. Кандидаттарды тіркеуді Ортсайлауком 29 ақпаннан 5 наурызға дейінгі аралықта жүргізеді. Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар сайлау жарнасын төлемейді және сайлау қорын құрмайды.

Ассамблеяның жоғарғы басқарушы органы сессияны Қазақстан Республикасының Президенті шақырады. Сессияны шақыру туралы өкім оның басталуына 30 күн қалғанда қабылдануы тиіс, ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Сессия жұмысына Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, сессия заңды деп саналады. Оған қатысқан мүшелердің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, сессия қабылданды деп есептеледі. Осы күнге Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 446 мүше бар.

Дауыс беруге арналған пункт Ассамблея Сессиясы өтетін ғимаратта орналасады және Сессия жұмысы басталғанға дейін бір сағат бұрын ашылады.

Дауыс беруге арналған пунктте халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдары болуға құқылы.

Сессияда Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелерін дауыс беруге арналған пунктке шақырады.

«Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге, басқа адамдар үшін дауыс беруге болмайды. Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушылар тізімінің негізінде сайлаушының жеке өзіне оның жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда беріледі. Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталған соң қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасап, қол қояды. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астамы дауыс берген кандидаттар сайланған деп саналады», - деді ол.

Т.Охлопкованың сөзіне қарағанда, сессия қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы жариялағаннан кейін жабылады. Қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы Ортсайлаукомға екі күннен 22 наурыздан кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Мәжілістің сайланған депутаттарын Ортсайлауком тіркейді. Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Парламент депутатының мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерін доғару туралы Ортсайлаукомға ұсынған өтініші Мәжіліс депутаттарын тіркеу үшін міндетті шарт болып табылады.

Жалпы Республика бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындыларын Ортсайлауком 27 наурыздан кешіктірмей белгілейді, ал сайлау қорытындылары туралы хабар БАҚ-та 2016 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей жарияланады.