ҚР ОСК Альберт Рауды Мәжіліс депутаты етіп тіркеді
ҚР ОСК шешімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Альберт Рауға ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.
А. П Рау 1960 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ политехникалық институтының Рудненск филиалын тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру мамандығы бойынша; 2004 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша экономист-менеджер болып бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
Әр жылдары Лисаковск қаласының әкімі, Қостанай облысы әкімінің орынбасары; «Сарыарқа» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы; Ақмола облысының әкімі; 2010-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі қызметтерін атқарды. 2014 жылдың 13 тамызынан ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары.
ҚР Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі №398 Қаулысымен Рау Альберт Павлович ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын.