ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, қағидалардың қолданыстағы редакциясы тізімге енгізілген сайлаушылардың санының 1 пайызын есепке ала отырып, дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін дайындау қарастырылған. Дегенмен, сайлау заңнамасына жүргізілген мониторинг аталған норманың «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының ережелерімен толық үйлеспейтіндігін көрсеткен.
«Бұл ережелерге есептен шығару куәлігін дайындау бойынша бұған дейін бекітілген 1 пайыздық тосқауылды алып тастау ұсынылады. 1 пайыздық сан сайлаушылардың сайлау құқығын шектейді. Сондықтан ішкі жұмыс күшінің көш-қонына байланысты сайлаушылардың бір бөлігі өзінің сайлау учаскесінен тысқары жерде дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Қазірдің өзінде жергілікті жерлерден есептен шығару куәлігінің жетпей қалу мүмкіндігі жайында ақпараттар түсуде», - деді В.Фоос.
Сонымен қатар ол ауа райының қолайсыздығына және су тасқынына байланысты бірқатар өңірлердегі сайлаушылар өз сайлау учаскесінен тысқары жерде дауыс беретіндігін атап өтті.