ҚР ОСК: Біздің серверлерден деректердің таралып кетуі мүмкін емес

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының серверлерінен деректердің таралып кетуі мүмкін емес. ҚР Орталық сайлау комиссиясы осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат,

ҚР ОСК баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпараттық-коммуникациялықсайлау инфрақұрылымын, оның ішінде сайлаушылардың бірыңғай электрондықтізілімін құрумен, басқарумен және пайдаланумен 2005 жылдан бастапОртсайлаукомның ведомстволық бағынысты ұйымы – «Орталық сайлау комиссиясыныңИнженерлік – техникалық орталығы» РМК айналысады.

«Сайлаушы-азаматтардыңбірыңғай электрондық тізілімі Орталық сайлау комиссиясының серверлеріндеорналасқан, олар ақпаратты қорғаудың барлық шараларын көздейді және сыртқықосылыстары жоқ, оның ішінде Интернет желісіне қосылмаған. Осылайша, ОСКсерверлерінен деректердің таралып кетуі мүмкін емес.

Орталық сайлаукомиссиясы сайлаушылардың дербес деректерін тарату қаупі туралы жария алаңдабаяндалған фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Құпия ақпараттыңжайылуына әкеп соғуы мүмкін Орталық сайлау комиссиясының серверлеріне рұқсатсызқол жеткізу әрекеттерін тексеру нәтижелері бойынша анықталған жоқ», делінгенресми хабарламада.

Ортсайлаукомның мәлімдеуінше,бұл ретте «ҚР ОСК ИТО» РМК мердігерлік ұйымының ақпараттық-талдау жүйесініңфункционалын жетілдіру бойынша жұмыс барысында деректерді компрометациялау көзібола алатын әзірлеу серверін пайдаланғандығы анықталған.

«Қызметтік тексерунәтижелері, сондай-ақ «ҚР ОСК ИТО» РМК тапсырысы бойынша жұмыстар кешенінжүзеге асырған мердігерлік ұйымның қызметіне қатысты материалдар уәкілеттіоргандарға берілді. ІІМ жүргізген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде болғаноқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға белсенді көмек көрсетіледі», делінгенхабарламада.

Сонымен қатар биыл ақпараттыққауіпсіздікке қатысты қосымша шаралар қабылданып, екі мәрте аудит жүргізілген. Атапайтқанда, Мемлекеттік техникалық қызметі ақпан айында, ОСК бастамасы бойынша «ЦАРКА»заңды тұлғалар бірлестігі жасаған меморандум негізінде маусым айында аудитжүргізілген.

«ЦАРКА» ЗТБбелгіленген ынтымақтастық шеңберінде ақпараттық жүйелердің кешенді аудитін,сыртқы және ішкі тестілеуді жүзеге асырды, қауіпсіздік қатерлеріне байланыстытәуекелдерді талдауды және бағалауды жүргізді және т. б.

Ақпараттыққауіпсіздік аудитінің қорытындылары бойынша 2019 жылғы 6 маусымдағы «ЦАРКА» ЗТБесебі қолжетімділігі шектеулі ақпараттың, оның ішінде сайлаушылардың дербесдеректерінің таралып кету қаупі мен осалдығын анықтау туралы деректердіқамтымайды. Есепте қамтылған ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегіұсынымдар толық көлемде уақтылы іске асырылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек,кеше «ЦАРКА» ЗТБ Facebook-тегі парақшасында 11 млн қазақстандықтың жекемәліметтерінің таралуына қатысты ҚР ІІМ-нің ресми хатын жариялады. Хаттааталмыш оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 211-бабы 1 бөлігі бойынша сотқадейінгі тергеу басталғаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар