ҚР ОСК дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты.

«Сіздерге Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат 10.00-ға сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 10-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 19,17 пайызы сайлау бюллетенін алды», - деді комиссия мүшесі. Л.Сүлейменнің атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша - 23,48, Ақтөбе облысы бойынша - 16,8, Алматы облысы бойынша - 26,10, Атырау облысы бойынша - 11,13, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 27,31, Жамбыл облысы бойынша - 21,69, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 12,11, Қарағанды облысы бойынша - 21,6, Қызылорда облысы бойынша - 22,03, Қостанай облысы бойынша - 27,61, Маңғыстау облысы бойынша - 16,92, Павлодар облысы бойынша - 21,32, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 26,45, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша -13,89, Астана қаласы бойынша - 12,92, ал Алматы қаласы бойынша - 8,33 пайызды құрайды. «Өздеріңіз білесіздер, дауыс беру 9741 сайлау учаскесінде жүріп жатыр. Қазіргі сайлау учаскелерінен келіп түскен мәліметтерге сәйкес сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары», - деді ол.