ҚР ОСК дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы қаулы қабылданды.

«Сіздердің назарларыңызға дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы бойынша қоса беріліп отырған дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. Осы нұсқаулықты облыстық, аумақтық, қалалық сайлау комиссияларына жіберуіміз керек. Қаулыны қабылдауды өтінемін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері қаулы жобасын бірауыздан қолдады.