Осыған орай өткізілген отырыста ОСК мүшесі Бақыт Мелдешевтің атап өтуінше, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 24 бабы, 1 тармағына сәйкес және «ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы ҚР Президентінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №622 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары ретінде Бірғаным. Әйтімованы, Асқар Бейсенбаевты, Сергей Громовты, Ләззат Қиыновты, Георгий Кимді, Дулат Құсдәулетовті, Серік Нөгербековті және Нұрлан Оразалинді тіркеу туралы қаулы қабылдады.
Сондай-ақ, отырыс барысында ОСК төрағасы Қ. Тұрғанқұлов тіркелген ҚР Парламент депутаттарына куәліктер мен арнайы төсбелгілер табыс етті.