ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның атап өтуінше, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің күшін жоюды Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының хатының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы негізінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі миссиясының байқаушысы Александр Джон Фолксты аккредиттеудің күшін жою және куәлігін кері қайтарып алу туралы қаулы қабылданды.
Осыған орай «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 6 мамырдағы қаулысына тиісті өзгеріс енгізілуі тиіс. Аталған қаулымен 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде: «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі Миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 40 «Alexander Jonh Folkes» деген жол алынып тасталсын», - деді З.Баймолдина.