«Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы алдағы сайлауды байқауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелдік БАҚ-тардың 147 өкілін аккредиттеген еді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді», - деді Б.Мелдешов.
Сонымен қатар ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алатындығын еске салды.