ҚР ОСК кезектен тыс президенттік сайлауға үш үміткерді тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде 3 адамды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданды.

Аталған шешімді таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен: «Сіздердің назарларыңызға Қанат Тоқтарұлы Жұманды ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартуы туралы қаулының жобасын ұсынамын. Қанат Тоқтарұлы Жұман 1969 жылы Астана қаласында туған. Тумасынан Қазақстан Респубилкасының азаматы. ҚР президенттігіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвисткалық комиссияның 2015 жылғы 7 наурыздағы 6-шы қорытындысы негізінде Қанат Тоқтарұлы Жұман мемлекеттік тілді еркін меңгермегені анықталды. Сол себепті Қанат Тоқтарұлы Жұман ҚР Конституциясының және «Сайлау» туралы заңның талаптарына сәйкес келмейді деп белгіленсін. Қанат Тоқтарұлы Жұманды Қазақстан Респубилкасының президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартылсын», - деді.

Сондай-ақ, ОСК мүшелеріне мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдей алмаған президенттіке үміткер Есенбек Жапарұлы Үктешбаевқа және Уәлихан Әбішұлы Қайсаровқа олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлер ретінде тіркеуден бас тарту туралы ұсыныс енгізді. Бұл ұсынысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бірауыздан қабылдап, арнайы қаулы шығарды.