ҚР ОСК Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де демократиялық сайлау құқығының қазіргі заманғы даму тарихы мен үрдістері тақырыбына дәріс өткізеді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Астанада, 2012 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесе отырып, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері үшін демократиялық сайлау құқығының қазіргі заманғы даму тарихы мен үрдістері туралы жария дәріс өткізеді.

 Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Орталық сайлау комитеті әзірлеген Жастарды құқықтық оқытудың             2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру барысында өткізілетін осы іс-шараның шеңберінде ҚР ОСК мүшелері студенттердің сұрақтарына жауап береді және 18 жасқа толып, сайлауда дауыс беру құқығын алған студенттерге куәліктер тапсырады.