Сайлау 83 сайлау округінде, оның ішінде 12 облыстық, 9 қалалық және 62 аудандық мәслихаттардың округтерінде өтті. Оған 14 облыстық, 8 қалалық, 46 аудандық, 83 округтік, 326 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
«Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 284 кандидат ұсынылып, барлық деңгейдегі мәслихаттарға олардың 252-сі тіркелді. 7 кандидаттың тіркелуі күшін жойғаннан кейін, сайлау бюллетеньдеріне 245-і енгізілді. Орташа бәсекелестік шамамен бір депутаттық мандатқа 3 кандидаттан келеді (2,95), дауыс берушілердің саны 69,9% құрады. Сайланған мәслихат депутаттарының 66-сы ер адам (79,5%), 17 - әйелдер (20,5%). Сайланған мәслихат депутаттарының орташа жасы - 47,4. Сайлау науқаны республика сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті», - делінген ОСК хабарламасында.