ҚР ОСК мәслихат депутаттарының кеудеге тағатын белгілерінің үлгісін бекітті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кеудеге тағатын белгілерінің үлгілерін бекіту туралы» қаулы қабылдады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы облыстық мәслихаты депутатының кеудеге тағатын белгісінің үлгісін, Қазақстан Республикасы қалалық мәслихаты депутатының кеудеге тағатын белгісінің үлгісін және Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутатының кеудеге тағатын белгісінің үлгісін белгіледі», - делінген комиссия таратқан ақпаратта.