ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, барлығы облыстық мәслихаттардың 6, қалалық мәслихаттардың 5 және аудандық мәслихаттардың 52 депутаты сайланды.
167 кандидат ұсынылды. Бір депутаттық мандатқа бәсекелестік орта есеппен алғанда 2 кандидаттан артық болды.
Сайлау бюллетеньдеріне 136 кандидаттың аты-жөні енгізілді. Олардың 73-і - өзін-өзі ұсынғандар. 32 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген, тағы 40 кандидат - партияда жоқтар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлаушылардың дауыс беруге келуі 79,5 % құрады.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды 741 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізді.
Сайланған 63 депутаттың барлығы «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі болып табылады. Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында:
- ерлер - 52 (82,5%)
- әйелдер - 11 (17,5%).
Жалпы алғанда сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.