ҚР ОСК Мәжіліс сайлауын 2016 жылдың 20 наурызына белгілеу туралы қаулы қабылдады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс таратылғаннан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын 2016 жылдың 20 наурызына белгілеу туралы қаулы қабылдаған алғашқы отырысын өткізді.

Бұдан басқа, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісі өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған Парламент Мәжілісі және мәслиxаттар депутаттарының сайлауларын дайындау және өткізу күнтізбелік жоспары, сондай-ақ осы сайлау науқандарын ұйымдастыруға қажетті сайлау құжаттарының үлгілері бекітілді.

«Сайлау науқанының барлық негізгі кезеңдерін біз Заң нормаларына сәйкестендірдік», - деді ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.