Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутат ретінде Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова, Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, Нұржан Кемерұлы Әшімбетов тіркелді. Оларға Мәжілісі депутатының мандаты беріліп, белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылды.
18:43, 29 Тамыз 2019
ҚР ОСК Мәжілістің жаңа үш депутатына мандат тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне үш депутатты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.