Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 167 649 дауыс немесе сайлаушылардың жалпы дауысының 1,82 процентін, Дания Еспаева 465 714 дауыс немесе барлық сайлаушылардың дауысының 5,05 процентін, Әміржан Қосанов 1 495 401 дауыс, яғни барлық сайлаушылардың дауысының 16,23 процентін, Төлеутай Рахымбеков 280 451 дауыс немесе жалпы сайлаушылардың дауысының 3,04 процентін алды.
22:24, 10 Маусым 2019
ҚР ОСК Президент сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.