«Сайлау процесінің заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз етумен қатар, сайлауды барлық қатысушылардың денсаулығы үшін барынша қауіпсіз жағдайда өткізу – сайлау комиссиялары үшін басты басымдық», - деп атап өтті Берік Имашев комиссияның онлайн режимдегі отырысында.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының Сенат депутаттарының сайлауына байланысты отырысынан кейін ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы карантин және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жағдайында онлайн режимінде жұмыс істейтіндігі айтылды. Барлық коммуникациялар техникалық байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылады.