ҚР ОСК ТМД байқаушысын аккредиттеу күшін жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы отырысында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылары миссиясының байқаушысын аккредиттеу күшін жою туралы қаулы қабылдады.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Игорь Николаевич Морозовты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының байқаушысы ретінде аккредиттеудің күшін жойды және оны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан байқаушылар миссиясының байқаушысы ретінде аккредиттейді», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан дауыс берді.