ҚР ОСК Төрағасы: Сайлау процесін байқауды жүзеге асыратын ұйымдармен ынтымақтастық - біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов пен «Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің (СБРҚК) төрағасы Нұрлан Ерімбетов кездесті.

ҚР ОСК Төрағасы: Сайлау процесін байқауды жүзеге асыратын ұйымдармен ынтымақтастық - біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Қазақстандағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің (СБРҚК) төрағасы Нұрлан Ерімбетовпен кездесті.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды өткізуге дайындық жөніндегі ОСК жұмысымен таныстырды. «Сайлау процесін байқауды жүзеге асыратын ұйымдармен ынтымақтастық - сайлау науқанының жариялы әрі ашық ахуалын қамтамасыз ету жөніндегі Ортсайлауком қызметі бағыттарының бірі» - деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.

Өз кезегінде СБРҚК төрағасы байқаушылардың Ортсайлауком мүшелерімен және сайлау органдарымен ынтымақтасуы тығыз әрі пайдалы болатынына сенім білдірді. «Біздің қызметіміз сайлау процесінің айқындығын, сайлаушылардың өз қалауын еркін білдіруін, сондай-ақ сайлау науқанына барлық қатысушылар үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған» - деді Н.Ерімбетов.

Қ.Тұрғанқұлов ОСК мен қоғамдық бірлестік арасында өзара іс-қимыл тәжірибесі бар екендігін айта келе: «СБРҚК сарапшыларының заң бұзушылықтар туралы бізді жедел ақпараттандыруы маңызды. Ол бізге уақтылы әрекет жасауға, сондай-ақ алдағы уақытта оларды болдырмау шараларын пысықтауға мүмкіндік береді», - деді.

Кездесуге сондай-ақ СБРҚК Штабының Басшысы А. Серікбаев және ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев қатысты.