ҚР ОСК Төрағасы Түркіменстан Президент сайлауын байқауға қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында 12 ақпанда болатын Түркіменстан Президентінің сайлауын байқауға қатысуда.


Кеше Ашғабат қаласы Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев  Түркіменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

Кездесу барысында Имашев түрікмен тарапына, оның пікірі бойынша, мемлекеттің алдағы демократиялық дамуы жолындағы тағы бір кезеңі болатын президент сайлауын табысты өткізуіне тілек білдірді.

Тараптар сондай-ақ екіжақты қазақстандық-түрікмендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бүгін, 11 ақпанда, Ашғабат қаласында Түрікменстан Президентінің сайлауын халықаралық байқау шеңберінде ол Түркіменстан сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Басшысы Гулмурад Мурадовпен кездесті.

Кездесу барысында Түрікменстан Президенті сайлауының тәжірибелік аспектілері, науқанның барысы мен ерекшеліктері, сайлау органдарының жұмысы, сондай-ақ олардың сайлау процесінің ашықтығы мен оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін алдын ала қабылданған шаралар талқыланды.

Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомының Басшысы Түркіменстан мен Қазақстан орталық сайлау органдарының арасында көптеген бағыттар бойынша тиімді қызмет істеуге мүмкіндік беретін тығыз серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті: «Біз сайлауда байқаушылар топтарымен алмасамыз, ал сайлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде екі елде жинақталған сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерделейміз».

Түрікменстан ОСК Төрағасы Б. Имашевты сайлауды байқауға қатысқаны және екі елдің сайлау құрылымдарының одан арғы ынтымақтастығының перспективалары туралы жемісті пікір алмасқаны үшін ризашылығын білдірді.