Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Берік отбасы - қоғамның тірегі» атты республикалық конференцияда Парламент Мәжілісі Мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитетінің төрайымы Динара Нүкетаева мәлім етті.
«Әрине, бүгінде отбасының барлық мәселелерін қамту мүмкін емес. Бірақ біздің осы жолдағы үлкен жетістіктеріміздің бірі, ол - «Отбасы және неке туралы» кодекске суррогат ана болу бойынша арнайы баптың енгізілуі. Бүгінде сан алуан себептерге байланысты баласы жоқ отбасылар аз емес. Біз қазіргі репродуктивті технологиялар арқылы сол отбасылардың беріктігі мен бірлігін сақтап, еліміздегі отбасы инситутын күшейтуді көздеп отырмыз», - дейді Динара Нүкетаева.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «ҚР Отбасы және неке туралы» кодекстің жобасы депутаттардың талқылауында.