АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Парламентінің мәжілісі жалпы отырыста «Еуропаның мәдени конвенциясын бекіту туралы» Заң жобасын мақұлдады.
«Еуропаның мәдени конвенциясы 1954 жылы желтоқсанның 19-ы күні қабылданған болатын. Қазіргі таңда бұл Конвенцияға 49 мемлекет қосылған», - деді заң жобасын ұсына отырып ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева.
Ол Конвенцияға қосылу еуропа елдерімен ынтымақтастықты тереңдетуге, білім беру және басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп атап өтті.