«Миссия ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы ҚР Конституциясына, Сайлау туралы конституциялық заңына және мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сай ашық, еркін әрі демократиялық жолда өткізілгенін мәлімдейді. Миссия ұлттық сайлау заңнамасы нормаларының бұзылмағандығын атап өтеді», - деді ол.
Сонымен бірге ол дауыс беру барысында Қазақстан азаматтары барынша белсенділік танытқандығын атап өтті.
«Миссия өкілдері болған барлық сайлау учаскелерінде Қазақстанның саяси партияларының, басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен қатар халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері де болды. Сайлау процесі барысында аталған байқаушылар тарапынан миссия өкілдеріне еш шағым түскен жоқ», - деді А.Носиров.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде өткен сайлау барысында шетелдік байқаушылар үшін барлық жағдай жасалған.
«Миссия өкілдері сайлау учаскелерінің жабылу, сайлаушылардың дауыстарын санау және дауыс берудің қорытындысы туралы хаттаманы жасау шараларына қатысты. Дауыстарды санау барысында миссия өкілдері ешқандай бұзушылықты анықтаған жоқ», - деді ол.