ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауы заң аясында өтіп жатыр - ТМД ПАА

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауы заң аясында өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін Әзербайжанның Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД парламентаралық ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілі Валеx Алескеров мәлім етті.

«Біздің миссияға 42 адам кіріп отыр. Біз таңнан бері 2 сайлау учаскесінде болып қайттық. Біз арнайы сайлау басталмай тұрып барып қарадық. Учаскелердің жабдықталуы мен комиссияның дайындығы жоғары деңгейде. Сайлауға келгендердің қатары өте көп. Біздің миссияның өкілдері Астана, Алматы және Қазақстанның өзге де қалаларында сайлау процесін бақылауда. Кешке қарай бізде сайлауға қатысты толық ақпарат жинақталады. Әзірге алдын ала бақылаулардың нәтижесі көрсетіп отырғанындай, сайлау өте бірқалыпты, заң аясында өтуде. Ешқандай бұзушылықтар тіркелмеді. Миссияның Қазақстандағы сайлауға қатысты қорытынды материалы мамыр айында ТМД парламенті басшыларының қатысуымен жарияланатын болады», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.