ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ресми сапармен ҚХР-ға келді

None
БЕЙЖІҢ. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы (БХӨЖ ТК) Чжан Дэцзянның шақыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытайға ресми сапармен келді.

Сапар ауқымында сейсенбі күні, 15 қазанда Бейжіңде Халық жиналысы үйінде Н.Нығматулиннің БХӨЖ ТК төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесуі және Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою өтеді.

Күтілгендей, қазақстандық және қытайлық парламентшілердің одан әрі өзара іс-қимылының басты бағыттары мәселелері талқыланады, сондай-ақ екі елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі табысты өзгерістерді заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесі алмасылады, деп хабарланды ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтында.

Бұдан бұрын ҚХР СІМ қытай тарабы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің Қытайға сапарын құттықтайды, деп мәлімдеді. "Қытай мен Қазақстан достас көршілер және жан-жақты стратегиялық әріптестер болып табылады. Қазақстанмен достық ынтымақтастық Қытайдың сыртқы саясаты үшін басымдық болып табылады. Қытай тарабы қытай-қазақстан қатынастарын бұдан да жоғары деңгейге шығару үшін Қазақстанмен бірлесе күш-жігер жұмсауға әзір", - делінген Қытай сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде.

Мәжіліс депутаты Н.Нығматулин бастаған қазақстандық парламентшілер делегациясы Шэньси провинциясында болады.