ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін таратады. ***
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының
бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімі
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Қ.Жақыпов
Астана, 2014 жылғы 23 маусым
№ 48