Палата отырысында талқылауға «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялау туралы (12.09.1997 ж. Хаттамамен енгізілген түзетулермен 21.05.1963 ж. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні)» заң жобасы ұсынылатын болды.
Сонымен қатар «Ғылым туралы» және қолданыстағы заңнамаларға ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы да депутаттар назарына ұсынылады.
Отырыста сондай-ақ кейбір заңдарға шаруа немесе фермер қожалығы туралы өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша құрылатын келісу комиссиясының құрамына депутаттар өз әріптестерін сайлайды.
Бюро отырысында Сенаттың 2011 жылға арналған негізгі шаралар жоспары да қаралды.