ҚР Парламенті Сенаты тұрақты комитеттерінің құрамы сайланды

ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында тұрақты комитеттердің құрамын сайлау мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, Ерболат Рахметұлы Мұқаев, Сергей Викторович Плотников, Ләззат Махатұлы Тұрлашев, Бақтыбай Ақбердіұлы Шелпеков ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің құрамына; Орынбай Рахманбердиев Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына; Асхат Сәйпиұлы Күзеков, Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің құрамына; Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев, Владимир Николаевич Редкокашин Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына; Ертарғын Кәкімбекұлы Астаев, Самат Сапарбекұлы Ескендіров, Мұрат Бақтиярұлы Мұхамедов Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің құрамына сайланды.

Аталған депутаттар ҚР Парламенті Сенатына ағымдағы жылғы 19 тамызда өткен сайлауда сайланған болатын.