ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға ТМД-дан 100-ден астам байқаушы қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға ТМД-дан байқаушылар миссиясының басшысы болып тағайындалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитеті төрағасының - Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді.

Б. Имашев В. Гуминскийді Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының ерекшеліктерімен таныстырды, сонымен бірге Қазақстанның барлық өңірлері мен Астана, Алматы қалаларына ТМД байқаушыларын жібергені үшін алғысын білдірді.

«ТМД байқаушыларының сайлау процестеріне қатысуы жұртшылықтың сайлауға деген сенімін арттырады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тарапынан дауыс беруге дайындық және өткізу бойынша соңғы іс-шараларды атқарды. Сайлау комиссиялары сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен сайлау туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге дайын», - деп Б. Имашев атап өтті.

Өз кезегінде, В. Гуминский Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша ТМД байқаушылар миссиясының қызметі туралы айтып берді. «Миссия сайлаудың демократиялық сайлау және ұлттық заңнаманың жалпыға бірдей танымал қағидаттарына сәйкес өткізілуін бағалайды», - деді ол.

 Өз бағасын Миссия сайлаудан кейін келесі күні, ТМД елдерінің барлық үйлестірушілерімен келісіп, өздерінің мәлімдемесінде жариялайды.

Б. Имашев атап өткеніндей, ТМД-дан байқаушылар миссиясы саны жағынан басым екенін атап өтті. Оның ішінде 106 байқаушы аккредиттелген.

«Ортсайлауком  облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау күні ТМД байқаушылар миссиясының  сайлауды  тиісті байқау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдауда», - деді ол өз қорытынды сөзінде.